26/11/2024

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен шымкенттік Қуандық Бектас Бекалиұлы  джиу-джитсудан жастар арасында Азия чемпионы атанды.

 

Абу Даби қаласында  Азия чемпионатында 30 мемлекет, 1100 спортшы бақ сынасты. Шымкенттік №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бектас Қуандық көк туымызды көтеріп, Араб, Тайланд, Өзбек елінің азаматтарын жеңді.

 

Бектас Бекалиұлының спорт жолында үлкен  жетістіктерге жетіп келеді. 2022 жылы — 12-13жас аралығында Ju-Jitsu дан (Астана) қаласында өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында бас жүлдеге қол жеткізіп,Мальгард де мар (Испания)қаласына жолдама ұтып алды, Атырау қаласында Қоян-қолтық ұрыстан өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында чемпион атанып, Дубай еліне жолдама ұтып алды. Сонымен қатар, 12-13жас аралығында Еркін күрестен Республикалық Қазақстан Чемпионатына жолдамасына ие болды.

14-15 жас аралығында Жекпе-жектен және Combat Jiu-Jitsu Қазақстан Республикасының чемпионатында чемпион атанған еді. Жас спортшының қоржыны тағы да үлкен жетістікпен толып отыр.

 

NARKESKEN.KZ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар