26/11/2024

423 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗДАРЫ ӨТЕЛДІ

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалауын бақылауды қамтасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде бұл жобаны қаламызда 18 кәсіпорын енгізген.

 

Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қаламызда 1452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатыр, 2118 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілген. Сондай-ақ қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.

 

Басқарманың негізгі функцияларының бірі – жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерді қарау. Осы тұрғыда басқармаға биыл 769 арыз-шағым келіп түсіп, оның 656 өтініші қаралған. Нәтижесінде 194 тексеру жүргізіліп, 546 құқық бұзушылық анықталған. Басқарма басшысының айтуынша  анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 120 нұсқама беріліп, 4,3 миллион теңгені құрайтын 105 айыппұл салынған. Сондай-ақ 690 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалып, 423 жұмыскердің жалақы қарыздары өтелген.

 

NARKESKEN.KZ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар