Биыл қазақтың дара да дана жазушысы, журналист Қарауылбек Қазиевтің туғанына 85 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен кітапхана қабырғасында «Сөзбен сурет салудың зергері» атты еске алу кеші өтті.
Әдебиет әлемінде ерекше қолтаңбасымен таныла білген дарынды жазушының өмірі мен шығармашылығын еске алуға дос-жарандары, шәкірттері, балалары, мектеп оқушылары келді.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, еске алу кешінің басты мақсаты Қ.Қазиевтің өнегелі өмірі мен шығармаларын оқырман қауымына таныстыру, насихаттау.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сатыбалды Дулати аяулы әке, адал дос, ардақты әріптес болған Қарауылбек атамыздың өмірінен тың деректерді молынан баяндады.
Қонақтардың естеліктерінен бөлек «Алақай» өнер мектебінің домбырашылары күй, Қ.Қазиев атындағы № 75 мектеп-гимназиясының оқушылары әдеби композиция орындады.
NARKESKEN.KZ