26/11/2024

ЖАСТАР ЗЕЙНЕП АПАНЫҢ ЗЕЙІНДІ ӘҢГІМЕСІН ТЫҢДАДЫ

«Шуақты күндер» кітабымен оқырманға, батыр Бауыржан келіні атымен қалың қазаққа таныс Зейнеп Ахметова шырайлы қаламызға келді. «Атамның арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп, ел ішінде еркелеп жүрмін» деген Зейнеп Әскербекқызын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Бақтияр Өнербаев күтіп алып, алдымен даңқты Бауыржан атамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

 

 

Ұлттық дәстүрімізге қайшы әдеттерді қатаң сынап, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл аударатын

 

Шымкентте «Жастар ресурстық орталығында»  батыр Бауыржан Момышұлының келіні атымен қалың қазаққа таныс Зейнеп Ахметовамен  кездесу ұйымдастырылды.

 

 

Жиынға мектеп оқушылары, қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, педагогтер мен өзге де сала қызметкерлері қатысты. Әсіресе, кездесуге келген жастардың қарасының көптігі қуантты.

 

Сырласу кешін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашты. Ел анасы жиналған көпшілікпен екі сағаттан аса, емін-еркін сырласып,  естеліктері мен ғибратты,  өнегелі әңгімелерімен бөлісті. Халықтың рухани әңгімені сағынғанын соғылған шапалақтар білдіріп тұрды. Апаға сұрақ орнына алғыс айтылды. Кеш соңында жақсының көзі, асылдың сынығы Зейнеп апамызға шапан жабылып,  гүл шоқтары жауды.

 

Осы ретте айта кетейік, алдағы уақытта Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бастамасымен қолға алынған «Қайырымды қала құндылықтары» жобасы аясында түрлі саланың танымал өкілдерімен кездесулер сериясы тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.

 

NARKESKEN.KZ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар