Мереке қарсаңында Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы «Жүрегім толы мейірім» акциясын ұйымдастырды. Олар қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен 25 отбасына барып, сый-сияпат жасап, көмек көрсетті.
Қайырымдылық – адам баласының асыл қасиеттерінің бірі. Ал мейірім мен көмекке мұқтаж әлеуметтік жағдайы төмен жандар, қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген ұранды ұстанған ұйымдастырушылар іс-шара арқылы өскелең ұрпақты мейірімділікке, қамқорлыққа үндеп отыр.
NARKESKEN.KZ