26/11/2024

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КІРІСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ «ҰЛТТЫҚ ҚОР — БАЛАЛАРҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ СОМАСЫ ӨЗГЕРЕ МЕ?

Иә. Жыл сайын «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында түрлі сомалар есептелетін болады.  Олар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының алдыңғы 18 жылдағы активтері бойынша инвестициялық кірісінің орташа сомасы мен Бағдарламаға қатысушы балалардың санын негізге ала отырып айқындалады.  Бұған қоса, балаларға өткен жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануын жалғастыратын болады. Нәтижесінде, оларға қосымша инвестициялық табыс есептелетін болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар