26/11/2024

ДӘМХАНАЛАРДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АҚЫСЫ ТОҚТАТЫЛУЫ МҮМКІН

Дәмханаларда қызмет көрсеткені үшін 10% ақы төлеу алынып тасталуы мүмкін

Бұл туралы sputnik.kz сауда министрінің сөзіне сілтеме жасап хабарлайды. Министр ішкі сауда ережелерінде өзгерістер болуы мүмкін екенін айтқан.

Өзгерістер депозит, даяшыға берілетін «шайпұл» мәселелеріне қатысты.

«Егер сізге қызмет көрсетілсе, ешқандай қосымша ақы алынбауы керек деп есептейміз. Әрине, барлық кәсіп иесі мұндай өзгерісті қолдамайды», — деді Арман Шаққалиев.

Министрдің айтуынша, тұтынушыға көрсетілген қызмет ұнаса, онда өз еркімен шайпұл төлей алады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар