Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында сауда-логистикалық кешен салынады. Жаңа кешен «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері арасынан бой көтермек. Мемлекет басшысы осы кешенге қатысты Заңға қол қойды.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының мәтіні баспасөзде жарияланады.