26/11/2024

2029 жылы орташа жалақы 573 736 теңгеге жетеді

Қазақстан Үкіметі еліміздің 2025–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жария етті. Құжатқа сәйкес, алдағы 5 жылдың ішінде бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы төмендегідей өзгермек:

2024 жылы — 396 097 теңге;

2025 жылы — 431 691 теңге;

2026 жылы — 466 957 теңге;

2027 жылы — 500 754 теңге;

2028 жылы — 536 347 теңге;

2029 жылы — 573 736 теңге.

Бұл ретте, алдағы 5 жылда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып қала береді. Алайда, айлық есептік көрсеткіш жыл сайын өзгеріп отырады. Мәселен, биыл 1 АЕК 3 692 теңге болса, келесі жылы 3 932 теңгеге жетеді. Одан кейін 2026 жылы – 4 148 теңге, 2027 жылы – 4 355 теңге, 2028 жылы – 4 573 теңге, ал 2029 жылы 4 802 теңге болады.

Айта кетерлігі, 2023 жылы халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 181,9 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 15,8 пайызға, нақты мәнде 1,1 пайызға өсті. Орташа айлық жалақы 364,3 мың теңге болды. Номиналды мәнде 17,6 пайызға, нақты мәнде 2,7 пайызға артты.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар