Қызметті eGov порталында қосуға болады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, қызметті пайдалану үшін азаматтың өзі ғана өтініш бере алады.
* Алдымен eGov.kz порталына кіріп, «Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз; тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдау,
* «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдау;
* қажетті жолдарды толтыру және электрондық қолтаңбаны пайдаланып өтінішке қол қою;
* нәтижелерін жеке кабинетте көру керек.