Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының көшелерін электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Аймақ басшысы мердігер мекеме басшысына анықталған кемшіліктерді түзетіп, құрылысты сапалы әрі белгіленген уақытта аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Андас-групп» ЖШС тарапынан 120 дана электр бағаналары орнатылуда.
Айта кетсек, қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып Созақ, Т.Көкебайұлы, М.Өскенұлы, Х.Саудашев, Р.Мұсабекұлы, Б.Мекенбаев, А.Мұсабек, Көктем, Алтын төбе көшелеріне 4 дана трансформатор қондырғысын орнатып, ұзындығы 11 шақырым электр желісін жүргізу қарастырылған. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталған соң 623 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.