26/11/2024

Ерекше жандар арасында турнир өтті

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен үстел теннисі және шахмат ойындары арасында турнир өтті.

Турнирдің мақсаты — ерекше қажеттілігі бар азаматтарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру және өмірдің барлық салаларындағы қызметтердің қолжетімділігіне ықпал жасау.

Жоба аясында өткен үстел теннисі және шахмат турнирі жеңімпаздарына алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 25 қыркүйекте өтеді.

Narkesken.kz

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар