26/11/2024

Әкім ақынмен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ақын, композитор, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен кездесті.

Әкім Ысқақ — тек отандық журналистика мен әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына да үлкен үлес қосып жүрген азамат. Оның қазақ тілінде жазылған алғашқы «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы. Сонымен қатар, оның «Қарлығаш», «Гүл қауызындағы тамшы», «Күн ұлымын» атты өлеңдері мен «Абзалдық әліппесі», «Жүректегі жазулар» сияқты шығармалары тәрбиелік мәнге ие.

Сондай-ақ, “Адам іздеп жүрмін”, “Алтыным”, “Көңіл қымбат”, “Адам-өмір дәптері”, “Күн ұлымын”, “Біздің бапақ” сияқты шығармалары мектеп бағдарламасына енгізіліп, ал «Жүректегі жазулар» мен «Алтыным» кітаптары бірнеше тілге аударылған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар