Шымкентте Еңбекші ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері есірткі таратушы ер адамды ұстады.
Тексеру кезінде ұсталған азаматтан аса ірі мөлшердегі мефедрон ұнтақты заты табылды. 27 дана бір реттік доза «синтетикадан» бөлек, күдіктіден пышақ пен қанжар тәркіленді.
Ер адамның бұрын есірткі заттарын таратқаны және бөтеннің мүлкін жмқырғаны үшін бірнеше рет сотты болғаны анықталды.
Қазіргі таңда ол қамауда.
Заңнамаға сәйкес, психотроптық заттарды өткізгені үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.