Биыл 1-13 қыркүйек аралығында елімізге келген шетелдік туристер саны 597 мыңға жетті. Бұған ықпал еткен негізгі факторлар – Дүниежүзілік көшпенділер ойынының өтуі мен танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концерті. Аталмыш шараларға 89 мемлекеттің азаматтары келген. Ең көп турист келген елдер:
- Қытайдан 8 мыңнан астам
- Үндістаннан 6 мыңнан астам
- Германиядан 4 мыңнан астам
EQonaq жүйесі Астанада 12,4 мыңға жуық шетелдік туристі тіркеді. Олардың қонақ үйде тұруға, жолпұл, тамақтану және ойын-сауыққа жұмсаған жалпы шығыны – 15,5 млн АҚШ долларын құрайды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келушілер ел экономикасына қосымша 625 000$ қосқан.