Шымкенттік полицейлер қала аумағында түнгі уақытта заңсыз жабдықталған автокөлікті тізгіндеп, қала тұрғындарының тыныштығын бұзған жүргізушіні анықтады.
«Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлікті басқарған жүргізушіде көлiк құралын басқару құқығы жоқ және заңсыз түрде қайта жабдықталған көлiк құралын басқарған. Яғни, тиісті рұқсатсыз көлікке дыбыс бағаналарын орнатқан.
Қалалық тәртіп сақшылары құқық бұзған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көлік айыптұраққа жеткізілді.
Шымкент қаласының полицейлері қала тыныштығын бұзып, сонымен қатар заңсыз түрде көлiк құралын қайта жабдықтаған жағдайда қатаң шара қолданылатынын ескертеді.