26/11/2024

Құқықтық жауапкершілікті түсіндірді

Шымкентте 17-19 қыркүйек аралығында өткен “Жасөспірім” профилактикалық іс-шарасы аясында С.Ерубаев атындағы №24 IT-мектеп лицейінде буллинг пен есірткіге қарсы күрес мәселелеріне арналған іс-шара өтті. Оған 500-ге жуық оқушы қатысты.

Іс-шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың, қорқыту және  нашақорлық жағдайларының алдын алу мәселелері  талқыланды.

Сонымен қатар заң бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы түсіндірілді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар