26/11/2024

ШЫМКЕНТ: 4739 АДАМҒА ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ БЕРІЛДІ

Жыл басынан бері  мүгедектігі бар 4739 адамға протездік-ортопедиялық құрал берілді. Мұндай құралдар 2023 жылы 1176 адамға берілген болатын. Өткен жылы сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен 5 190 мүгедектігі бар адам қамтылса, биыл 15 700 адамға жетті.

Тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар ерекше жандардан қоларба алу үшін жыл басынан бері 1 031 өтініш қабылданып, 1 017 қоларба берілді. 2023 жылы қоларба 445 адамға үлестірілген болатын.

Жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 808 азамат мұқтаж болса, бүгінге дейін мұндай қызметті 2785 адам пайдаланып отыр. Ал, өткен жылы мұндай қызмет түрі 1963 адамға көрсетілген еді.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ғимаратында  мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік порталмен және ЭЦК-мен жұмыс істеуі үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда басқарма қызметкерлері әрбір адамға жеке-жеке көмек беруге дайын.

Айта кетейік, Шымкент қаласында мүгедектігі бар 41 479 азамат тіркелген.

Narkesken.kz

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар