Шымкентте іске асырылып отырған концепциялар мен қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы және кәсіпкерлік бастамалар негізінде құрылған жұмыс орындарына 26 482 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның 26 096-ы – тұрақты жұмыс, 386-ы – уақытша жұмыс.
Концепциялар бойынша жеке бастамалармен құрылатын балабақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріхана, асхана және басқа да жаңадан ашылатын жұмыс орындарын есептегенде 23 342 жұмыс орнын ашу көзделген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Қазақстан мен әділетті қоғам орнату бағытындағы ауқымды реформаларының маңызды бағыттарының бірі – жаңа әлеуметтік саясат. Оның мақсаты – әрбір отбасының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін мемлекет, бизнес және азаматтар арасында жаңа әлеуметтік келісімшарт жасау көзделіп отыр. Өткен жылы қабылданып, күшіне енген Әлеуметтік кодексте осы жұмыстар құқықтық, заңнамалық тұрғыда реттелген.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның мәлімдеуінше, осы жылдың 1 тамыздағы жағдайы бойынша 10 005 адам жұмысқа орналасқан.
NARKESKEN.KZ