26/11/2024

КӘСІПКЕРЛІК БАСТАМАЛАР АРҚЫЛЫ 12 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкентте 2024 жылы 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған. Соның ішінде 30 207 адамды жұмыспен қамтуға қатысты мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік бастамаларға бағыттау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдау секілді  арқылы жұмыспен қамту көзделсе, тағы 26 482 адамды Шымкент қаласында іске асырылып отырған тұжырымдамалар, даму бағдарламасы және жеке кәсіпкерлердің бастамасымен ашылған жаңа жұмыс орындарына жолдау арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Қалада іске асырылатын жобалар бойынша жұмыспен қамту жоспары екі бағытта іске асырылады.

Біріншісі – 23 342 жұмыс орны азаматтардың жеке бастамасымен құрылады. Олар – жекеменшік бала бақшалар, спорт кешендері, дәріханалар, басқа да қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер.

Екінші бағыт – 2024 жылға бес тұжырымдама және Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде құрылатын жұмыс орындары. Бұл арқылы 3 140 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Осы екі бағыт бойынша 26 482 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Кәсіпкерлік  саласындағы жеке бастамалар арқылы құрылатын жұмыс орындарының есебі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі тарапынан жүргізіледі. Бұл ретте салық органдарына тіркелген жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар мен олардың есебі Мемлекеттік кірістер департаментінің арнайы ақпараттық жүйесінен алынады.

Бүгінге дейін Шымкентте бұл бағытта 12 283 жұмыс орны құрылған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар