26/11/2024

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында халықты жұмыспен қамту және ерекше жандарға қолайлы орта қалыптастыру жөнінде 14 іс-шара жоспары қолға алынған. Оның ішінде 9-ы жұмыспен қамту, 5 іс-шара ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасау.


Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасының басшысы Жанат Өтебаева партиялық бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы есеп беру барысында  жол картасында биылғы жоспар бойынша 17 мың адам жұмысқа орналасуы тиіс болса, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 19 091 адам қатысып, жоспар 112,3 пайызға орындалғанын атап өтті.

Осылайша 2 252 адам кәсіби оқытуға, 3 608 адам кәсіпкерлікті дамытуға, 5 798 адам субсидияланатын жұмыс орындарына, 7433 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа жолданды.

5 жылда қалада 45 мың тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспары бекітілсе, 2024 жылдың еншісінде 9 мың адам жаңа жұмыс орындарына орналасуы тиіс. Бүгінге дейін жоспар артығымен орындалып, 12 283 жұмыс орны ашылған.

Биыл 3 154 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 2 452-і куәлік алды. 428 адамға 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант берілді.

«Жастар практикасы» бойынша 1 464 жас маман жұмысқа жолданып, 1 143 жас «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына қатысып жатыр.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы аумағынан қосымша 50 орындық ғимараттың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

«Кедергісіз келешек» жол картасының негізінде қала бойынша биыл 245 нысанды бейімдеудің іс-шара жоспары жасалды. Бүгінгі күнге 132 әлеуметтік нысан бейімдеуден өтіп inva.gov порталына енгізілді.

Қазір қалада төртінші «Белсенді ұзақ өмір» орталығын ашу үшін «Нұрсәт» тұрғын алабы, №107 мекенжайында қажетті құрылғылар үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, «Нұрсәт» тұрғын алабы, №105 үйде «Бақытты жанұя» орталығының екінші бөлімі ашылады. Бүгінгі таңда ғимаратқа қажетті материалдық-техникалық құралдарды сатып алу мен ғимараттың коммуналдық жүйелеріне қосу жұмыстары заң талабына сай атқарылуда.

NARKESKEN.KZ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар