Халықты жұмыспен қамтумен қатар, отандық өндірісті дамытуға үлкен қолдау ретінде жыл сайын қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылуда. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасы жұмыссыз тұрғындарды осындай қысқа мерзімді оқуға шақырады.
Бағдарламаға жұмыссыз мәртебесіне ие азаматтар қатыса алады. Кәсіптік оқыту мерзімі — 3 ай. Ай сайын шәкіртақы да қаралған.
Оқу сәтті аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыз азаматты әлеуметтік келісім-шарт негізінде 10 жұмыс күні ішінде мәлімдеген жұмыс орнына кем дегенде 6 ай мерзімге жұмысқа орналастыруға міндетті.
Қажетті құжаттар:
–Жеке куәлік көшірмесі;
–Білімін растайтын құжат (аттестат, диплом, куәлік);
–Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың көшірмесі;
–Еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда)
–Банктен 20 сандық есепшот анықтамасы.
Оқуға қатысу үшін тіркелген мекенжай бойынша аудандық Мансап орталығынан жолдама аласыз.
NARKESKEN.KZ