26/11/2024

100-ДЕН АСТАМ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫС ҰСЫНДЫ

Шымкентте Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастырыуымен «Еңбек күні» мерекесі аясында «Адал еңбек – адам көркі»атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Арбат алаңында өткен жәрмеңкеге қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік 100-ден астам жұмыс берушіден 4 534 бос жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде 2 764 орын тұрақты, 1 770 орын «Жастар практикасы» бағдарламасына арналған.

Мерекелік іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, өндіріс орындары мен білім беру салаларындағы еңбек озаттарын марапаттады.

NARKESKEN.KZ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар