Елімізде жұмыс істейтін электронды сауда нысандарына талап күшейтіледі. Ол үшін жаңа салық кодексінде арнайы өзгерістер қарастырылып жатыр.
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Ілияс Қаптағаевтың сөзінше, Қазақстанда 2022 жылдан бері тіркелген 84 шетелдік электронды компания бар. Олардың барлығы 12 пайыз мөлшерінде қосымша құн салығын төлейді. Осы уақытқа дейін жалпы 58,1 млрд тг бюджетке салық төлеген. Жылдарға бөліп қарастырсақ, 2022 жылы 10 млрд тг, 2023 жылы 24,3 млрд тг, 2024 жылдың 8 айында 23,2 млрд тг.
Аталған компаниялар салық төлемесе немесе тіркеусіз жұмыс істесе жауапқа
тартылады.