Мамандыққа алғашқы қадамды қалай жасауға немесе өз бизнесіңізді ашуға болады? Бұл сұрақтарды оқу орнын бітіргеннен кейін әркім қояды. Қазақстанда жастарды мемлекеттік қолдау шеңберінде 18 жастан 35 жасқа дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыру және тағылымдамадан өткізу бойынша бірқатар бағдарламалар іске асырылуда.
“Жастар практикасы»,» Алғашқы жұмыс орны»,» Ұрпақтар келісімшарты»,» Қоғамдық жұмыстар»,» Әлеуметтік жұмыс орындары», «Кәсіптік оқыту » — бұл жобалар алғашқы еңбек жолын бастайтын мамандарды қолдауға бағытталған, материалдық қолдау көрсетеді, кешегі түлектің еңбек биржасында өз орнын таба алуы үшін бастапқы еңбек өтілін құруға көмектеседі.
35 жастан аспаған жастардың еңбек дағдыларын алу үшін «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі бар. Тәжірибе кезеңі еңбек өтіліне есептеледі. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша штатқа жұмысқа орналасуға рұқсат етіледі. Ұзақтығы – кемінде 18 ай. Жалақы –30 АЕК.
Сондай-ақ, жастардың бос орындар жәрмеңкесі арқылы жұмыс табуға мүмкіндігі бар.
Мысалы, қыркүйек айының соңғы күндерінде Арбат мәдениет және демалыс саябағында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге жастарға 2000 жұмыс орнын ұсынуға дайын 100-ден астам компания қатысты.
Жұмыс берушілер арасында кәсіпорындар, мемлекеттік ұйымдар, АӨК секторындағы компаниялар бар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығының директоры Бағдат Арқабаев 2024 жылдың 26 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жұмысқа орналастырылған қала тұрғындарының статистикасын айтып берді.
– Биыл Шымкентте 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған. Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, жұмыспен қамту шараларына 23 691 адам қатысты. Жоспар 78,4% орындалды.
Еңбек мобильділігі орталығы директорының айтуынша, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 1 273 адам жұмысқа жіберілген.
NARKESKEN.KZ