Шымкентте өз бизнесін бастағысы келетіндердің саны жылдар өткен сайын артып келеді. 2024 жылдың 9 айында 3240 адам «Бастау Бизнес»жобасы бойынша өз біліктілігін арттырды.
«Бастау Бизнес» жобасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба арқылы азаматтардың бизнес-бастамаларын қолдаудың мемлекеттік шаралар кешені шеңберінде іске асырылуда.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша келесі санаттарға жататын тұлғалар өтінім беріп, оқуға қатыса алады:
- жұмыссыздар;
- зейнеткерлік жасқа толмаған жұмыстан босатылған қызметкерлер;
- дара кәсiпкер ретiнде тiркелмей-ақ табыс алу мақсатында тауарларды өндiру жөнiндегi қызметтi өз бетiнше жүзеге асыратын, жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететiн және енжар дара кәсiпкерлер;
- отбасылық кәсiпкерлiкте ақысыз қызметтi өз бетiнше жүзеге асыру;
- табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен сатуға арналған жеке қосалқы шаруашылықта өндірістік қызметті дербес жүзеге асыратындар;
- табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооператив мүшелері;
- бастаушы және/немесе жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін азаматтар business.enbek.kz. порталында тіркеледі, сәйкестігін тексеру мақұлданғаннан кейін азаматтарға skills.enbek.kz. платформасындағы «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсына қатысуға рұқсат беріледі
Онлайн курстың ұзақтығы оқу курсы басталған сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен аспайды. Онлайн-курс тегін және оқу материалдарын өз бетінше игеру жолымен жеке тәртіппен өткізіледі.
Курс қорытындысы бойынша тестілеу жүргізіледі. Сұрақтардың жалпы санынан 70%-дан астамына дұрыс жауап берген тұлғаға платформада бірегей нөмір беріле отырып, оқуды аяқтау туралы электрондық сертификат беріледі. Сертификат жеке кабинетте көрсетіледі.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткені туралы Сертификат алған күнінен бастап үш жыл бойы жарамды.
Айта кету керек, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатынсыз қайтарымсыз грант алу конкурсына қатыу мүмкін емес.
2024 жылы 428 адам комиссияның шешімі бойынша бизнесті дамытуға қайтарымсыз грант алды.