26/11/2024

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БҮЙРЕКТЕГІ ТАСТЫ ОТАСЫЗ ЕМДЕП ЖАТЫР

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері бүйрегін тас байлаған 39 жастағы әйелді аман алып қалды. Науқас ауруханаға өте ауыр халде түскен. Дәрігерлер «Compact Sigma» литотриптер аппаратының көмегімен  науқастың бүйрегі мен несепағар жолдарындағы тастарды отасыз түсірді. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы жақсы және алдағы уақытта дәрігер нұсқаулығымен ем қабылдайтын болады.

Литотрипсия емдік шарасында медициналық құрылғының көмегімен қашықтық соққылық-толқын әдісі қолданылады. Уатылған тастар ағзадан несеппен шығарылады.

«Литотрипсия – бұл бүйректегі және несепағар жолдарындағы тасты уатып, отасыз емдейтін әдіс. Процедурада ешқандай ауырсыну болмайды және  пациенттер ауруханада ұзақ жатпайды. Барлық науқастарға емдік шара МӘМС жүйесі есебінен тегін жүргізіледі, -дейді №1 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-урологы Сауранбек Альдеков.

Бір процедураның құны 60 мың теңге тұратын медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылады. «Compact Sigma» литотриптер аппаратының жөндеуден өтіп, қайта іске қосылғанына 1 ай болған. Дәрігерлер осы уақыт аралығында 60-қа жуық науқасқа ем көрсетіп үлгерген.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар