26/11/2024

ШЫМКЕНТ: ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДА 289 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, 8500 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Шымкент 2018 жылы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болып, дамудың жаңа тарихи кезеңіне енді. Бүгінде Шымкент – Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қаласы. Соңғы 5 жылда қала экономикасына 2,2 трлн теңге инвестиция тартылып, инвестиция көлемі 3,7 есеге өсті.

Шымкент өнеркәсіп аймақтары мен логистикалық инфрақұрылымды белсенді дамыта отырып, маңызды инвестициялық орталық ретінде позицияны нығайтуда, бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Шымкент бизнес үшін қолайлы жағдай жасау арқасында инвестицияларды белсенді түрде тартуда. Қалада жалпы ауданы 1307 га 7 индустриалды аймақ жұмыс істейді, онда Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея және Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 519 млн долларға 289 өнеркәсіптік жоба іске асырылуда, бұл 8,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Инвестицияларды тарту мақсатында қалада қосымша өнеркәсіптік аймақтар құрылып, қолданыстағылары кеңейтілуде.

Қала әкімдігі металлургия, жеңіл өнеркәсіп, мұнай-химия және логистиканы дамыту үшін 1660 гектарға 5 жаңа алаң құруға бастамашы болды. Сауда-логистикалық орталық 136 гектарға кеңейіп, теміржол және транзиттік маршруттардың қиылысында маңызды логистикалық хабқа айналады. Бұдан басқа, ауыр металлургия және металл бұйымдарын өндіру үшін 1076 гектарға арналған «Темір» индустриялық аймағын құру, жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының алаңын 175 гектарға ұлғайту және дайын өндірістік алаңдары бар «Стандарт» жеке индустриялық аймағын (118 га) құру жұмыстары басталды.  Бұл қытай және өзбек инвесторларының қызығушылығын тудырды.

Бұл аймақтарда 15 мың жұмыс орнын құрумен 1,5 трлн теңгеге 330 жоба іске асырылады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта сауда-логистикалық аймақты кеңейту үшін инженерлік инфрақұрылымның құрылысы басталды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

«Стандарт» жеке индустриялық аймағында шағын және орта бизнес үшін дайын өндірістік алаңдардың құрылысы жүргізілуде.

Өндірістік аймақтардағы басты назар өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларға аударылады.

Осы өнеркәсіптік аймақтардағы инвесторларға инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған жер учаскелері ұзақ мерзімді жалға беріледі. Компаниялар сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар үшін жеңілдетілген коммуналдық тарифтер мен салық жеңілдіктерін пайдалана алады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар