ТӘУЛІГІНЕ 12 ТОННА ПЛАСТИК ЕСІК-ТЕРЕЗЕ ШЫҒАРАДЫ

Сарыағаш ауданында жыл сайын кәсіпкерлік белсенді дамып, өз ісін ашатын азаматтар қатары артып келеді. Аудан әкімі Арман Абдуллаев жеке кәсіпкер Ерғали Омаровтың тәулігіне 12 тонна пластик есік-терезе жасап шығаратын цехына арнайы барып, өндіріс орнымен танысты.  Мұнда бүгінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Нысанды аралау барысында аймақ басшысы өндіріс үдерісін көріп, өнім сапасына жоғары баға берді. Сондай-ақ, цех ұжымына сәттілік тілеп, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстарын айтты.

— Кәсіпкерлікті дамыту — ауданымыздың басты басымдықтарының бірі. Осындай шағын және орта бизнес нысандарын қолдау арқылы біз экономиканы әртараптандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасаймыз, —деген аудан әкімі кәсіпкерлерді қолдауға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Аталған цех — жергілікті кәсіпкерлік нысандарының бірі ретінде аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға үлес қосып отырған өндірістік нысан. Онда қазіргі заманғы технологиялар негізінде жоғары сапалы пластик есік пен терезелер дайындалады. Сарыағашта жасалып жатқан пластик есік-терезелер республика көлемінде ғана емес,Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріне де тасымалдануда.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар