Өндіріс саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбегімен көзге түскен Муминов Закирбек Қорғанбайұлы – өз ісіне берілген, жауапкершілігі жоғары маман.
1982 жылдың 7 наурызында дүниеге келген ол 1989 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2000 жылы орта білімін аяқтады. Еңбекке ерте араласып, 2004 жылы МЖК кәсіпорнына жұмысқа қабылданып, рафинад цехында аппаратшы ретінде еңбек жолын бастады. Өз ісіне ұқыптылығы мен еңбекқорлығының арқасында бұл бөлімде 13 жыл үздіксіз еңбек етті.
Жинаған тәжірибесінің арқасында кейіннен дайындау цехына ауысып, бүгінге дейін адал еңбегімен өндіріс үдерісіне өз үлесін қосып келеді. Тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі, еңбек тәртібін сақтауы – ұжым арасында зор құрметке ие етті.
2007 жылы отбасын құрып, шаңырақ көтерген Закирбек Қорғанбайұлы бүгінде жұбайымен бірге 5 баланың әкесі, өнегелі отбасының тірегі.
Қазіргі таңда оның 21 жылдық еңбек өтілі бар. Өз ісіне деген адалдығы мен табандылығы, еңбекке деген сүйіспеншілігі – жас мамандар үшін үлгі боларлық қасиет.
