ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Түркістан облысы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып 37 жастағы НАРБЕКОВА Балмаржан Полатқызы тағайындалды.
Балмаржан Полатқызы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы Шымкент қаласы әкімі аппаратының нұсқаушысы қызметінен басталған.
2010-2015 жылдар аралығында «Жастар орталығы» МКҚК директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы, Шымкент қаласының «Жұмыспен қамту орталығында» жастар практикасын ұйымдастыру, талдау және мониторинг жинау бөлімдерінің бастығы, «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2015 жылдан-Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары;
2017 жылдан — ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы;
2018 жылдан — Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар басқармасының басшысы;
2021-2023 жылдары — Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
