ЖАҢАБАЗАР АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Ұлттық домбыра күніне орай Қазығұрт ауданында  өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулитын мазмұнды шаралар легі жалғасуда. Осындай игі бастамалардың жалғасы ретінде Қазығұрт аудандық орталық кітапханасына қарасты Жаңабазар ауылдық кітапханасында «Қазақ халқының қасиетті домбырасы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.

Рухани басқосу барысында кітапханашы қатысушыларға екі ішекті қасиетті аспаптың ұлт өміріндегі орны мен тарихи маңызы туралы кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар, шараға келген оқырмандарға домбыраның құрылымдық бөліктері, оны жасаудағы ұлттық өрнектер мен ерекшеліктер жан-жақты таныстырылып, жас буынның таным көкжиегі кеңейтілді.

Ғсырлар бойы атадан балаға аманат болып жеткен домбыра – халқымыздың баға жетпес рухын, өшпес тарихы мен салт-дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан бірегей мұра. Осындай тағылымға толы шаралар ұлттық құндылықтарымызды тереңнен дәріптеп, өскелең ұрпақтың ата салтымыз бен төл өнерімізге деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар