AIQYN: ЗАМАНАУИ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ БІЛІМГЕ ҚАДАМ

Шымкент қаласында «Білім келешегі – адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен тамыз кеңесінде мектептердің IT-инфрақұрылымын кешенді жаңғыртуға бағытталған AIQYN жобасының тұсауы кесілді. «Транстелеком» АҚ командасы ұсынған бұл жоба тамыз кеңесінің басты оқиғалардың бірі болды.

Тұсаукесер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен өтті.

Жоба шеңберінде  автоматтандырылған жұмыс орындарын  енгізу,  құрылымдалған кабельдік жүйелерді құру, заманауи бейнебақылау және талдау жүйелерін орнату, қаланың барлық мектептерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылады.

AIQYN жобасын іске асыру білім беру мекемелерін цифрлық дамытудағы маңызды қадам болады және оқушылар мен педагогтар үшін қауіпсіз, заманауи және технологиялық ортаны құруға мүмкіндік береді.

«Сапалы цифрлық инфрақұрылымсыз білім берудің болашағы мүмкін емес. Сондықтан біздің команда өскелең ұрпақты дамыту үшін тұрақты іргетасты қамтамасыз ете отырып, Шымкент және басқа өңірлердің мектептерін жаңғырту міндетін өз мойнына алады», — деп атап өтті «Транстелеком» АҚ өкілдері.

«Транстелеком»  АҚ (ТТК)  — IТ, байланыс, автоматика және энергетика саласындағы телекоммуникацияларға, цифрландыруға және жүйелік интеграцияға маманданған еліміздегі ірі байланыс операторларының бірі.

Компания коммерциялық ұйымдарға, мемлекеттік мекемелер мен ведомстволарға, электр байланыс операторларына, ұялы байланыс операторларына және интернет-провайдерлерге магистральдық цифрлық байланыс арналарын пайдалануға береді. ТТК компанияның магистральдық желісінен кемінде 25 км қашықтықта орналасқан елді мекендерде Интернетке (КТҚ) және кабельдік теледидарға (КТВ) кең жолақты қолжетімділік қызметтерін көрсетеді.

Сонымен қатар,  көлік кәсіпорындарына байланыс және жоғары жылдамдықты корпоративтік желілер қызметтерін көрсетеді, байланыс және көлік қауіпсіздігі жүйелерінің инфрақұрылымын дамытады және пайдалануды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Шымкентте өткен тамыз кеңесі аясында көрме ұйымдастырылып, түрлі IT-компаниялардың заманауи цифрлық платформалары, инновациялық шешімдер және оқушылардың жетістіктері ұсынылған болатын.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар