Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысы Ерасыл Әшірбайұлы және «Zhas Project» Түркістан облыстық жобалық кеңсесінің консультанттары Нұрғазы Оразәліұлы, Ерасыл Көшербаев аудан, қала жастарымен кездесу өткізуде. Кездесу барысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн. теңгеге дейін...
Түркістан облысы, Кентау қаласы Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан он көпқабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлер газға қосылуға дайын. Бүгін қала әкімі Рашид Аюповтың қатысуымен көпқабатты тұрғын үйлердің газ тарату шкафтарын газбен толтыру жұмыстары іске қосылды. Енді әр пәтер тұрғындары "КазТрансГаз Аймақ"...
Ордабасы ауданы, Бадамда мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер көпбалалы отбасыға үй сыйлады. Түркістан облысы, Ордабасы ауданының мектеп бітірген түлектері жыл сайын мұқтаж отбасыға баспана сыйлайды. Бұл дәстүрдің бастау алғанына бірнеше жыл болды. Бадам ауылының 84 жылғы түлектері биыл...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы
№826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 12 тамызда сағат 11.00-де Жетісай қаласындағы Алпамыс батыр атындағы №8 жалпы...
Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 850 мың гектарға егілді. Егіс көлемі өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды. Елімізде алғашқы болып егін орағы басталған Түркістан облысында гектар түсімділігі 18,7 центнерге жетті. 500 мың тоннаға жуық дән жинау күтіліп отыр.
Бүгінгі...
Түркістан облысы, Төлеби ауданында 1000 МВт бу-газ қондырғысының естелік капсуласы салынды. Маңызды жобаның таныстырылымына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және тұрғындар қатысты.
— Бұл жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін және ұлттық энергетикалық...
Түркістан облысында нәзік жандылар тұтқасын ұстаған бизнестің саны артты. Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 32%-ында әйел адамдары басшылық жасауда. Яғни, Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер – әйел. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және...
Түркістан облысы, Сауран ауданында қуаты 220 кВ болатын «Орталық» қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Станцияның ашылуына «Самұрық-Қазына» ұттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды.
—...
Ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыруға арналған «ZHAS PROJECT» гранттық жобасы іске қосылды. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн теңгеге дейін гранттар беріледі. Түркістан облысына 63 грант бөлініп отыр. Бұл туралы брифингте...
Жаз бен күз мезгілі адамның жәндіктер мен жан-жануарлардан түрлі жұқпалы ауруларды жұқтыру фактісі көптеп орын алатын кезең. Себебі, күннің ыстығында түрлі инфекциялар қозып, шөп шабу мен бау-бақша өнімдерін жинау науқанында кене шағу ықтималдылығы артады.
Осы орайда бүгін аудан әкімдігі жанындағы...