БӘЙДІБЕК: ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ӘКІМГЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 17 мамырда Бәйдібек ауданындағы Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлау қорытындылары бойынша, Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 18 мамырдағы шешімімен Шабдезим Галым Борлысай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Сайлаудың ресми қорытындылары жарияланғаннан кейін, Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Қырықбаев, жаңадан сайланған әкім Шабдезим Ғалымға әкім куәлігін табыс етті.

Борлысай ауылдық округінің жаңа әкімі Шабдезим Галымның сайлануы, жергілікті халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығының жүзеге асуының бір көрінісі болып табылады. Бұл оқиға ауылдық округтің дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және қоғамдық өмірді жақсартуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер ашады деп үміттенеміз.

Қазақстан Республикасындағы сайлаулар – бұл тек қана лауазымды тұлғаларды сайлау емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға, мемлекеттік басқару жүйесіне сенімді нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға ықпал ететін маңызды саяси процесс. Борлысай ауылдық округі әкімінің сайлауы да осы жалпыұлттық үдерістің бір бөлігі болып табылады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар