Түркістан облысында жаңа жұмыс орындарын құру үшін инвестициялар тарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Осы бағдарлама аясында Ордабасы ауданының «Бадам» индустриялық аймағында бірқатар инвестициялық жобалардың құрылысы жүріп жатыр. Ордабасы ауданында өткен баспасөз турында журналистер қауымына “Бадам” индустриалды аймағында орналасқан “CENTRAL ASIA ALUMINIUM COMPANY” ЖШС-ның жұмысы таныстырылды.
Аталған кәсіпорында алюминий профильдері өндірілмек. Қазір таңда құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүруде. Жобаның жалпы құны – 4,4 млрд теңге. Онда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Жылдық қуаттылығы – 30 мың тонна.
– Біздің өңір үшін жаңа жұмыс орындарын құру өте маңызды. Әрбір жаңа зауыт аудан ғана емес, облыс экономикасының дамуына ықпал етеді. Біз инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Бұл кәсіпорындарда біздің тұрғындар жұмыс істейтін болады, – деп атап өтті Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевү
Айта кетейік, «Бадам» индустриялық аймағында бұдан өзге бірнеше зауыттың құрылысы жүрп жатыр. балалар ойын алаңдарын шығаратын зауыттың, темірбетон конструкцияларын шығаратын инновациялық кәсіпорынның, сондай-ақ металл бұйымдарын дайындау жобалары жүзеге асырылуда. Бұл кәсіпорындарда 100-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Ал, «RZN» ЖШС салып жатқан зауыт автоклавталған газбетон өндіреді. Жобаның құны – 1,5 млрд теңгені, ал өндірістік қуаты жылына 85 мың текше метрді құрайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін зауыт 25 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның ауданы – 3 гектар.
Аудан әкімдігі индустриалды аймақты абаттандыру, көгалдандыруиен, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды оқытуды және жұмысқа тартумен айналысуда.
Сондай-ақ, сапар аясында БАҚ өкілдері Ордабасы тауындағы “Бірлік” монументіне барды. Қазақтың үш биіне арналған ескерткішті көріп, оның аумағында атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда монумент туристер үшін танымал орынға айналып келеді. Айта кететін жайт, бұл тарихи кешен демеушілер есебінен салынған.
Журналистер баспасөз туры барысында аудан ортылығы Темірлан ауылындағы “Этно ауыл” кешенінде туризм саласындағы 2 ірі жобамен танысты. Олардың бірі – елімізде теңдесі жоқ “AIR CRAFT” жобасы. Бұл жоба аясында Шұбар ауылдық округіндегі 54 гектар аумақта ұшқыштар даярлау және ұшақтарды шығару бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге. Аталған жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, аудан орталығында бір мезетте 300 адамға дейін қызмет көрсететін “Темірші” демалыс аймағы таныстырылды. Аталған орын жеке кәсіпкердің өз қаражатына салынған. Қазіргі таңда 30 адам тұрақты жұмыс істеуде.