БИЗНЕСТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҮЙРЕНДІ

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында  шағын және орта бизнес өкілдері үшін «Жасанды интеллект көмегімен уақытты, қаржыны және ресурстарды үнемдеу жолдары» атты практикалық воркшоп өтті.

Іс-шара Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылып, шағын және орта бизнес өкілдері үшін пайдалы ақпарат пен нақты құралдарды ұсынды.

Семинар барысында қатысушылар бизнес-процестерді автоматтандыру және тиімділікті арттыру жолдарымен танысып, шағын бизнеске нақты көмектесетін жасанды интеллект құралдарын үйренді.

Сонымен қатар, сатылым, маркетинг, есеп жүргізу және клиенттермен жұмыста жасанды интеллектіні қолдану тәсілдерін үйреніп, қосымша шығынсыз технологияны енгізудің тиімді жолдарын қарастырды.

Семинар қолөнер, қоғамдық тамақтандыру, қонақүй бизнесі, тігін және жиһаз өндірісі сияқты салалардағы кәсіпкерлер үшін ерекше пайдалы болды. Қатысушылар заманауи технологиялардың көмегімен өз бизнесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік алды.

Мұндай шаралар кәсіпкерлерге заман талабына сай жұмыс істеуге, үнемді әрі тиімді шешімдер қабылдауға жол ашады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар