Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-шараларды енгізу тиімділігін дамыту және процестерді цифрландыру бойынша елдің стратегиялық мақсаттарын іске асыру шеңберінде “Цифрлық комплаенс-ассистент” инновациялық диджитал-жүйесі әзірленген. Аталған жүйе Шымкент қаласында «Куатжылуорталык-3» мекемесінде орнатылған болатын.
Бұл – Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, «Куатжылуорталык-3» МКК және «Prime Source» ЖШС арасындағы төрт жақты меморандумның нәтижесі.
Жүйе мемлекеттік және квазимемлекеттік, сондай-ақ жеке компанияларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендету үшін қолданылуда.
«Цифрлық Комплаенс Ассистент» платформасын «Куатжылуорталык-3» МКК-де сынақтан өткізу нәтижесінде 63 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оларды жою бойынша 84 нақты ұсыныс әзірленді. Оның 27-сі іске асырылған. Жүйе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді құрал ретінде танылып отыр.
Платформа жемқорлық тәуекелдерін басқарудың жаңа әдістемелері мен құралдарының арқасында өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Бұл жүйе ұйымдарға ашықтықты арттырып, бюджеттік шығындарды оңтайландыруға көмектеседі.
Алдағы уақытта «Цифрлық Комплаенс Ассистент» платформасын Шымкент қаласының басқа да салалық басқармалар мен мекемелерге енгізу жоспарлануда. Бұл қадам сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, бюджеттік шығындарды оңтайландыруға және басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.