АДВОКАТ НЕМЕСЕ НОТАРИУС ЛИЦЕНЗИЯСЫН АЛУ ПРОЦЕСІ ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ

Шымкентте адвокаттық, нотариаттық, сот-сараптамалық қызметпен, жеке сот орындаушысы және патенттік сенім білдірілген өкіл болу құқығын беретін «Аттестаттау реинжинирингі» жобасы сәтті іске асып жатыр. Шымкент қаласы бойынша пилоттық жоба қолға алынған сәттен бастап аттестаттауға 580 үміткер жіберілген, оның ішінде 121 үміткер аттестаттаудан өткен. Бұл туралы Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Раушан Досанова мәлімдеді. 

Маманның түсіндіруінше, бұл процес толығымен цифрландырылмақ. Жоба ауызша комиссиялық әңгімелесу кезеңін жояды, оның орнына компьютерлік тестілеуден және ситуациялық кейстерден өту қарастырылған. Бұл аттестаттау рәсімінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет мерзімдерін қысқартады.

Процесс толығымен онлайн болады. Мысалы, лицензия алу үшін практикадан немесе тағылымдамадан кейін бірден компьютерде онлайн тест тапсыруға, кейс сұрақтарын тапсыруға және лицензия алуға болады. Егер азамат тест тапсыра алмаса, онда бір аптадан кейін оның екінші мүмкіндігі болады.

«Бұл аттестаттау рәсімінің ашықтығын арттырды, адами факторды жоққа шығарды және мерзімдерді айтарлықтай қысқартты. Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап Шымкентте 121 азамат аттестаттаудан сәтті өтті», – деп түсіндірді департамент басшысының орынбасары.

Айта кетейік, Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін әділет саласы цифрлық форматқа көшуде. Енді көптеген нотариаттық қызметтер, ось құру процесі және тіпті сот орындаушыларымен байланыс онлайн режимінде қолжетімді болады. Ал,  «Аттестаттау реинжинирингі» – Әділет министрлігі әзірлеген Digital Justice цифрлық жобаларының бірі. Ол адвокаттық, нотариаттық, сот-сараптамалық қызметпен, жеке сот орындаушысы және патенттік сенім білдірілген өкілмен айналысуға лицензия алу процесін цифрландыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар