Енді жеке кәсіпкерлікті (ЖК) жабу өтінішін eGov Business мобильді қосымшасы арқылы толықтай онлайн беруге болады. Өтініш беру кезінде мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ.
Қызмет кімдерге қолжетімді?
— жеке кәсіпкерлерге;
— жекеше практикамен айналысатын тұлғаларға.
Өтінішті қалай беруге болады?
eGov Business қосымшасында:
«Бизнесті тіркеу және тоқтату» бөлімі
«ЖК қызметін тоқтату» қызметін таңдау қажет.
Одан кейін салықтық өтініш санатын таңдау керек:
D — камералдық бақылау жүргізе отырып қызметті тоқтату;
E — камералдық бақылаусыз оңайлатылған тәртіппен тоқтату.
Содан соң:
мемлекеттік кірістер органын таңдау;
деректерді өңдеуге келісімді растау;
өтінішке Face ID, Touch ID немесе жылдам қол жеткізу коды арқылы қол қою қажет.
Өтініш мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады.
«Өңделді» мәртебесі ЖК қызметінің мемлекеттік кірістер органдары базасында ресми түрде тоқтатылғанын білдіреді.
