26/11/2024

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА АРНАЙЫ ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРҒАН ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ШЫҒЫНДАРЫ ӨТЕЛЕДІ

Шымкент қаласында 2024 жылы жалпы 33 мыңнан аса азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, оның ішінде 1368 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту көзделген. Биылғы жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша 1086 азамат түрлі бағдарламалар аясында жұмысқа орналасты.

Мүгедектектігі бар адамдарға арналған жұмыс орнын жабдықтаған және арнайы жұмыс орнын құрған жұмыс берушінің шығындары өтеледі.

Жабдықталған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл ішінде субсидияланады:

* бірінші жылы жалақының 70% — мемлекет субсидиялайды (бұл ретте субсидияланатын бөлік 30 АЕК-тен (103,5 мың теңге) аспауға тиіс), 30% — жұмыс беруші субсидиялайды;

* екінші жылы 65% — мемлекет, ал 35% — жұмыс беруші;

* үшінші жыл 60% — мемлекет, ал 40% — жұмыс беруші.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылады. Ұлттық жоба шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтуге, «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz) базасында онлайн оқытудан өтуге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз гранттар алуға, «Ұрпақтар келісімшарты», «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас» жобаларына қатысуға, сондай-ақ, «Жастар практикасы» жобасына жастар қатарындағы адамдар алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін ала алады.

Шымкентте жыл басынан бері жұмыспен қамтылған 1086 мүгедектігі бар азаматтың 453-і — тұрақты жұмысқа, 46 адам  — “Жастар практикасы” бағдарламасымен, 37 адам «Күміс жас» жобасы арқылы жұмысқа орналасқан.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге аптасына ұзақтығы 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді, жыл сайын қосымша ақы төленетін еңбек демалысы ұзақтағы кемінде алты күнтізбелік күнге беріледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектің келісімімен және денсаулығына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда жол беріледі.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мүгедектік кезеңі бар зейнетақы аударымдардан мерзімсіз босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын төлеу мүгедектігі бар адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Ұзақтығы кемінде күнтізбелік 6 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi.  Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік бойынша келісімімен, оның денсаулығына мұндай режим тыйым салынбаған жағдайда жіберіледі.

Еңбек келісімшартын жасаудан және қызметін өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуға тиіс. Егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайшы келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар