Еркебұлан Дауылбаев – Түркістан облысы әкімінің жаңа орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ  Еркебұлан Әбілханұлы 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің инспекторы болып бастады. 2010-2012 жылдары ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында және құрылыс басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасын басқарды, кейін облыстық құрылыс басқармасын басқарды.

2016-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, кейін ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2018-2020 жылдары әкімнің кеңесшісі, кейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды.

2020-2021 жылдары ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2021-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды. 2023-2024 жылдары Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2024 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Облыс әкімінің жаңа орынбасары құрылыс саласына жетекшілік етеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар