26/11/2024

Кадр тапшы өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту бағдарламасы жүзеге асырылады

Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет. Онда педагогтерді қолдаудың бірқатар шарасы қарастырылған: 150% дейінгі мөлшерде ынталандырушы қосымша ақы төлеу, сондай-ақ арнайы бағдарламаға қатысушы ЖОО түлектеріне «педагог-модератор», ал «педагог-сарапшы» мен «педагог-зерттеушіге» бір саты жоғары біліктілік санаты беріледі.

«Конкурсқа тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік білімі бар педагогтер, біліктілік санаттары бар педагогтер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектерi тұрғылықты жеріне қарамастан қатыса алады. Байқаудан іріктеліп, төрт облыстың біріне қоныс аударған мұғалімдердің балалары балабақшада, орта мектепте орынмен қамтылады және олармен еңбек шарты 5 жылға жасалады», — дейді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар