Еліміде жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік мамандықтарға қысқа мерзімде қайта даярлау шарасы қолға алынған.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізуге кәсіптік білім беретін оқу орындары мен орталықтары және жұмыс беруші кәсіпорындар жүргізеді.
Шымкент қаласында жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсынан өткізетін мекемелерден 2025 жылға «Кәсіптік білім беру» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды.
Өтінім осы жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады. Өтінімдер Enbek.kz порталы арқылы қабылданады.
Биыл комиссия қорытындысымен білім беру орталықтарында 14 жұмыс берушінің сұранысына қарай 26 біліктілік бойынша 533 жұмыссыз азаматты оқыту, ал жұмыс берушілердің жұмыс орнында 12 мекемеге 25 біліктілік бағытында 200 жұмыссыз адамды оқыту бекітілді.
Қысқа мерзімді оқыту курстарына жұмыспен қамту орталығында ресми жұмыссыз болып тіркелген азаматтар, жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, жұмыс орнынан қысқартуға түскен жұмыскерлер қатыса алады.