КЕЛЕС АУДАНЫ: ХАЛЫҚТЫҢ 90%-Ы ТАЗА АУЫЗ СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Келес ауданы бойынша халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінгі таңда Жүзімдік ауылдық округіне қарасты Ақсу және Оңтүстік елді мекендерінде ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Ақсу және Оңтүстік елді мекендеріндегі ауыз су құрылыстарының барысына Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев жергілікті жауапты мамандармен бірге тексеру жүргізді. Құрылыс жұмыстары арнайы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылып, аудандық прокуратураның тұрақты бақылауында.

Жоспарға сәйкес, Оңтүстік елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің құрылысын биылғы жылдың III тоқсанында аяқтау көзделсе, Ақсу елді мекені тұрғындарына таза ауыз су жеткізу жүйесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан бойынша барлығы 83 елді мекеннің 64-і немесе 88,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қалған 15 елді мекенде атап айтқанда Ақжол, Қауыншы Оңтүстік, Ғ.Мұратбаев, Қаратөбе, Қосөткел, Жуантөбе, Жаңадәуір, Кеңдала, Ескіқорған, Құйған, Қияжол, Көгерту, Ақжар, Ақсу елді мекендерінде құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

 

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар