КЕЛЕСТЕ ДӘСТҮРЛІ «АЛТЫН КҮЗ– 2025» ШАРАСЫ ӨТТІ

Келес ауданында ауыл еңбеккерлерінің дәстүрлі «Алтын күз – 2025» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Абай ауылында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, ауыл шаруашылығы саласында үздік нәтиже көрсеткен шаруаларды марапаттады.
Мереке барысында еңбегімен елге үлгі болған шаруалар мен округ әкімдері түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «Жаңақоныс» ЖШС төрағасы Құрманғали Тұрымбетов – «Озат көкөніс өндіруші», «Мейіржан» ШҚ жетекшісі Мейіржан Абдималик – «Озат ет өндіруші», ал «Береке-Ынтымақ» ШҚ басшысы Оразәлі Дарменшеев – «Озат шопан» аталымдары бойынша үздік деп танылды. Жыл қорытындысы бойынша ауылдық округтер арасында Біртілек ауылдық округі – І орын, Бірлік – ІІ орын, Жамбыл – ІІІ орын иеленді.
Жыл басынан бері аудан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 57,4 млрд теңгеге жеткен. Салаға 11 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 132 пайыздық өсімге қол жеткізілген. Биыл 22,9 мың гектар жерге егіс егілсе, оның 12 мың гектардан астамы көкөніс пен бақша дақылдары. Сонымен қатар 1 168 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізіліп, жоспар толық орындалды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар