КЕНТАУ: ХАНТАҒЫ ӘКІМІН САЙЛАУ 28 МАУСЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Кентауда Хантағы ауылы әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталды. Осыған байланысты Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Хантағы ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы  Қаулы қабылдап, сайлауды 28 маусымыға тағайындады.

Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен, Хантағы ауылы әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну 21 мамырдан бастап жүзеге асырылуда. Бұл кезеңде ауыл тұрғындары өздерінің сенімді өкілдерін әкімдікке ұсыну мүмкіндігіне ие болады.

Ауыл әкімінің сайлауы – бұл тек бір тұлғаның сайлануы ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындарының өз тағдырын шешудегі белсенділігінің көрінісі. Сайлау процесіне белсенді қатысу, әрбір ауыл тұрғынының міндеті. Өздерінің дауысымен лайықты басшыны таңдау арқылы, ауылдың дамуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға үлес қосуға болады.

Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Хантағы ауылының барлық тұрғындарын сайлау процесіне белсенді қатысуға шақырады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар