КЕНТАУ: КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Кентаудағы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері үшін «Хантағы ауылы әкімін сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырудың құқықтық аспектілері» тақырыбында арнайы оқу өткізілді.

Комиссия төрағасы Б.Садуов баяндамасында сайлау процесін реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сайлау туралы» Конституциялық заңы және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң сияқты негізгі құқықтық актілерді түсіндірді.

Оқу барысында кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар, олардың саяси партиялар немесе өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылу тәртібі және сайлауалды үгіт-насихат жүргізу ережелері егжей-тегжейлі қарастырылды.

Тәжірибелік бөлімде дауыс берудің жалпыға бірдей, тең және жасырын сипатта өтуі, сондай-ақ дауыс санау мен нәтижелерді ресми жариялаудың заңдылықтары айқындалды.

Семинар барысында сайлау процесіндегі заңдылық, ашықтық және әділдік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы, сонымен қатар заң бұзушылықтар үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

Төраға орынбасары Б.Ибадуллаев пен хатшы Ұ.Шайзада комиссия мүшелеріне әдістемелік материалдар мен тест сұрақтарын таратты, бұл комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік берді.

Семинар соңында Хантағы ауыл әкімінің сайлауын тағайындау және сайлау процесінің күнтізбелік жоспары талқыланып, бекіту мәселесі қаралды.

Айта кетейік, Хантағы ауыл әкімінің сайлауы 28 маусымға тағайындалып, кандидаттардың құжаттарын ұсыну мерзімі 21 мамырдан басталады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар