Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысын аралап, бақылау жүргізді.
Бүгінгі таңда, қаладағы Шүлембаев көшесі №4, 8, 10, Т.Рысқұлов көшесі №1, 3, 5, 7, 9, Каленова көшесі №1, 3, 5, 7, 9 және Ы.Алтынсарин көшесі №4, 8, 10 көпқабатты тұрғын үй аулаларына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында автомобиль жолдары, аяқ жолдар мен автотұрақтар салу көзделіп отыр. Жалпы құрылыс көлемі 8511 м² аумақты қамтиды. Аталған жұмыстарды 2025 жылдың тамыз айында толық аяқтау жоспарланған.
Аралау барысында қала әкімі аула тұрғындарымен жүздесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың сапасын қатаң бақылауда ұстауды жүктеді.
Айта кетейік, бұған дейін Абай даңғылы №19, 23 және Әл-Фараби көшесі №63, 63а, 65/1, 65/2, 65/3, 69, 61 мекенжайларындағы аулаларда жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген болатын.