26/11/2024

КӨШІ-ҚОН: СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН – ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері Шымкент қаласының тұрғындарымен  кездесуді жоспарлап отыр. Кездесу 2024 жылдың 18 қарашасында  Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі 49, Әл-Фараби аудан әкімдігінің 2 қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

Жиында солтүстік өңірден келген делегация ерікті қоныс аударуға ниетті шымкенттіктерге көші-қон барысында берілетін әлеуметтік төлемдер және аймақтың ерекшеліктері жайында түсіндіреді.

Айта кетейік, елімізде жұмыс күші тапшы өңірлерді еңбек күшімен қамтамасыз ету, өңірлік теңгерімсіздік пен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында 2017 жылдан бастап «Оңтүстіктен – Солтүстікке» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бүгінде аталған бағдарлама «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында іске асырылуда.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасы 9 483 адам деп белгілен.  Бұл тұрғындарға 7 облыстың біріне қоныс аударуға мүмкіндік береді. 2024 жылға бөлінген өңірлік квотаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы  207 қандас, 2702 ерікті қоныс аударушыны қабылдауы тиіс.  Ал,  Шымкент қаласы бойынша биыл еңбек күші жетпейтін өңірлерге  1500 азаматты көшіру жоспарланған.

Солтүстік өңірде көшіп барған тұрғындарға жаңа өмір сүру, жұмыс істеу және өсіп-өркендеу үшін барлық мүмкіндіктер ұсынылып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарды, әсіресе еңбекке қабілетті азаматтарды, құшақ жая қарсы алуға әзір.
Солтүстік Қазақстанның шымкенттіктер үшін артықшылықтары: тұрғын үймен қамтамасыз ету және қолжетімді баспана, жоғары сұранысқа ие мамандықтар мен жұмыс орындары ұсынылады.
Экономикалық және бизнес мүмкіндіктеріне келсек, Солтүстікте кәсіп ашу оңай және мемлекеттің қолдауымен жеңілдік алуға болады. Жаңа нарыққа кіру, бизнес саласында жаңалық ашу үшін Солтүстік Қазақстан – үлкен мүмкіндік мекені.
Солтүстік Қазақстан өңірінің табиғаты өте әдемі және таза ауасымен ерекшеленеді. Жазық далалар, орманды алқаптар мен өзен-көлдер демалуға таптырмас орын. Бұл  жаңа өмір салтын қалыптастыру үшін де керемет мекен.
Солтүстікке көшуге шешім қабылдаған әрбір отбасыға мемлекет қаржылай қолдау көрсетеді. Бұл көшу шығындарын жабу, баспана алуға жеңілдіктер және жұмысқа орналасуға қолдау сияқты шараларды қамтиды. Жергілікті әкімдік қоныс аударушыларды жұмысқа орналасуға, балаларды мектепке немесе балабақшаға орналастыруға көмектеседі.
Шымкент тұрғындары ерікті қоныс аудару жөнінде мәліметті аудандық Мансап орталықтарынан ала алады. Мекенжай:
Абай ауданы — Арғынбеков 243/3;
Еңбекші ауданы — Астана шағынауданы — 106;
Әл-Фараби ауданы — Байтұрсынов 201;
Қаратау ауданы — Бәйтереков 89;
Тұран ауданы — Қазыбек би 50.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар